Берлинде велошеру өтті

Берлинде велошеру өтті

Берлин бір күнге велосипедтер астанасына айналды.

Қалада мыңдаған адам қатысқан велошеру өтті. Жол-дарда ешбір автокөлік болған жоқ. Велосипедшілер орталық көшелермен жүріп өтті. Осы шара үшін, полиция қала орталығында автокөлік қозағылысын уақытша шектеді. Велошерушілер қала тұрғындарын экологиялық көлікпен жүруге, вело-жолақтар мен тұрақтар санын арттыруға шақырды. Бұл марафон 1977 жылдан бері өтіп келеді. Бұл жолы, оған 50 мыңдай адам қатысты. 

БЛИЦ:

- Қызымыз екеуіміз алғаш рет қатыстық. Енді велошерулерден қалмауға тырысамыз. Қала әкімшілігі күре жолдарды кеңейтудың орнына экологиялық көлікті дамыту керек. Бұл тұрмысымыз бен ауамыздың сапасын көтерер еді. 

- Жасым жетпіс екіде. Автокөліктен бас тартып, үнемі велосипедпен жүремін. Осындай марафондарға қатысамын. 800 еуро тұратын велосипедім бар, алюминийден жасалған, өте жеңіл, маған ұнайды.