Үндістанда пойыз апатына қатысты тергеу басталды
Үндістанда пойыз апатына қатысты тергеу амалдары басталды.
270-тен астам жолаушыны опат қылған бұл оқиға үшін жауаптылар қатаң жазаланады, деді ел Премьер-министрі Нарендра Моди. Бұған дейін ресми Дели апат электронды дабыл жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуінен болуы мүмкін деген еді. Қайғылы оқиға болған станция жұмысы қайта іске қосылды. Естеріңізге сала кетейік, өткен демалыста Үндістанның Одиша штатында ірі теміржол апаты болды. Мыңға жуық адам зардап шекті.