Францияда ереуілдер өршіп барады
Францияда ереуілдер басылар емес.
Наразылық танытқандардың саны бұл жолы жарты миллионнан асып отыр.
Париж көшелерінде ереуіл соңы полициямен қақтығысқа ұласты. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Ашуға ерік бергендер Олимпиада ойындарының штаб-пәтеріне басып кірмек болған. Осылайша, француздар халықаралық мамандардың назарын өзіне аударғысы келген. Халық мемлекеттік зейнетақы бағдарламасына қарсы. Мұндай шаралар елде сәуірден бері тыйылмай келеді. Франция бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 11 мың полицей жұмылдырылған, соның ішінде Парижде 4 мың тәртіп сақшысы халықты таратуға кірісті. Тұрғындардың жаппай бас көтеруіне тек зейнетақы мәселесі түрткі болған жоқ. Сондай-ақ, тұрғындар президенттің жалпы басқару саясатын сынға алып, халықтың әлеуметтік жағдайы нашарлап кетті деп дабыл қағып жатыр.