Орман өрті салдарынан Канада астанасы Оттаваны түтін басты

Бүгінгі таңда елде 422 жерден өрт шыққан.

Олардың 150-ден астамы Квебек провинциясында тіркелді. Орман өртінің өршуіне аптап ыстық пен құрғақшылық себеп болып отыр. Билік өкілдері ауа ластанып жатыр, тұрғындар сақ болуы қажет деп ескерту жасады.  Қазір  отпен күрес жұмыстарына Австралия, Жаңа Зеландия, АҚШ және Африка елдерінің өрт сөндірушілері де қосылған. Көк түтін енді көрші мемлекет АҚШ-тың кей штаттарына да тарап жатыр.