Үндістанда пойыз жүрісі қалпына келтірілді
Үндістанда өткен аптада теміржол апаты болған ауданда жолдар жөнделіп, пойыздар қайта жолға шықты.
Бірақ әзірге оларға шектеулі жылдамдықпен ғана жүруге рұқсат етілген. Өткен жұма күні Үндістанның Одиш штатында екі жолаушылар мен бір жүк пойызы соқтығысып, 200-ден аса адам көз жұмды. Тағы 1 мыңдай жолаушы жарақат алды. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Апатқа белгі беру жүйесіндегі ақау себеп болуы мүмкін деген болжам бар.
- Мен апатқа қарамастан пойызбен жүруді жалғастыра беремін. Өйткені жұмыс істеп отбасымды асырауым керек. Өмірдің өзі тәуекелден тұрады. Егер қорқып үйде отырсам қалай күн көремін?