Италияда макарон өнімдері 18% қымбаттады

Бірақ бір қызығы - елде бидай бағасы төмендеген.

Сарапшылар бұл алыпсатарлардың ісі болуы мүмкін дейді. Тұтынушылар құқығын қорғау қауымдастығы тексеру жүргізуін талап етіп, биліктен көмек сұрап отыр. Айта кеткен жөн, статистика бойынша Италияның бір тұрғыны жылына макарон өнімнің 25 келісін тұтынады екен.

 

Андре Сегре, агроном:
- Иә, бидай арзандағанымен энергия тасымалдаушылары қымбаттады. Мүмкін бағаның өсуіне осы әсер еткен болар. Дегенмен, тауардың қымбаттауының тағы бір факторы бар. Қазір алыпсатарлардың айласы асып тұр.