Дональд Трампқа айып тағылды
АҚШ президенті Дональд Трампқа құпия құжаттарды сақтауға байланысты айып тағылды.
Майами соты экс-президенттің ісін келесі аптада тыңдауы мүмкін. «CNN» арнасының хабарлауынша, экс-президентке бес бап бойынша іс қозғалып отыр. Олардың арасында құпия құжаттарды заңсыз сақтау мен тергеу жұмыстарына кедергі келтіру бар. Бұл АҚШ тарихында федеральдық прокурордың бұрынғы мемлекет басшысына алғаш рет айып тағуы. Саясаткер өзі болса оларды мойындаудан бас тартып отыр.