Францияда бассейнге су толтыруға тыйым салынды

Франция құрғақшылыққа тап болды.

Елдің оңтүстігінде суды асыра пайдалануға қатаң шектеулер енгізілді. Тұрғындарға хауыздарды толтыруға және бақша суаруға тыйым салынды. Жергілікті билік суды үнемдеу мақсатында осындай шектеулер енгізуге мәжбүр. Айта кетерлігі, қазір Еуропаның үштен бір бөлігі құрғақшылықтан зардап шегуде. Ал континенттің 10 пайызы дағдарыс жағдайында, деп хабарлайды Еуропалық құрғақшылық обсерваториясы.