Аптап ыстықтың ағзаға әсері зерттеліп жатыр
АҚШ ғалымдары қатты ыстықтың адам ағзасына әсерін зерттеуде.
Зерттеушілер манекеннің көмегімен температура мен жылуды бақылайды. Ауа-райының әртүрлі жағдайларын модельдеу адам ағзасының қатты ыстықта қалай құбылатынын көрсетеді, дейді ғалымдар. Ресми мәліметтерге сәйкес, АҚШ-та жыл сайын ыстықтан 700-дей адам қаза болады. 9 мыңнан астам адам ауруханаға түседі.