Қырғызстанда базар өртенді
Бішкектің шалғай ауданында ірі базардан өрт шықты.
Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, “Дордой” сауда орнында павильондар өртеніп жатыр. Қазір тарап жатқан видеода тұрғындар өртсөндірушілерге жол ашып, көліктерін жылдытып көмектесіп жатқанын көруге болады. Жалпы базардың 100 гектар шақырымды алып жатыр. Әзірге тілсіз жау нақты қанша жерді шарпығаны белгісіз. Айта кету керек, бұған дейін шаһарда қойма өртенген болатын. Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі оның ауданы 4 мың шаршы метрді құрады деп мәлім еткен. Тілсіз жауды ауыздықтауға ондаған маман жұмылдырылған. Құтқарушылар қоймалардан 22 оттегі цистернасын дер кезінде шығарып алып, дүмпулерге жол бермеді. Зардап шеккендер туралы еш ақпарат түскен жоқ.