Қытайда толассыз жауын су тасқынына ұласты

Қытайда толассыз жауын су тасқынына ұласты

Қытайдың оңтүстігінде толассыз жауын соңы су тасқынына ұласып, көп елді мекенді су басып жатыр.

Табиғат апатынан, әсіресе, Хэнань провинциясы көп зардап шекті. Гуаньси аймағындағы Бэйхай шаһарында бір күнде бір айлық мөлшерде жаңбыр жауған. Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Апат аудандарында тасқын салдарымен күрес жүріп жатыр. Синоптиктер алдағы күндері жауын жалғасатынын ескерткен.