Алтай өлкесінде төтенше жағдай жарияланды
Алтай өлкесінде өртке байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бір түнде Егорьев ауданындағы жалын 5 мың гектарға дейін тараған. Оған себеп – қатты жел мен аптап ыстық.
Бір аптадан бері аймақта ауа температурасы 33-35 градустан түспей тұр. Өрт 7 маусымда Ракитов орманшылығында басталған еді.