Байден Канада жеріндегі орман өртінің себебін атады
Қазір климаттың өзгеруі көп елге залал келтірді.
Кей мемлекеттер құрғақшылыққа тап болды, орман өрті сияқты табиғат апаттарына әкеп соқты. Канадада орман өрті әлі ауыздыкталган жок. Қызыл жалын көрші елдерге де тарауда. АҚШ-тың 10-нан астам штатын көк түтін басып, адамдар бетперде тағуға мәжбүр. Ал АҚШ президенті Джо Байден бұл мәселелер климаттың өзгеруінің салдары деп кесіп айтты.
Канадада орман өртінің салдары халыққа ауыр тиіп отыр. Тілсіз жаудан елдің батысы мен шығысында 4 млн.-ға жуық гектар аумақ отқа оранды. 400-ден астам провинция қызыл жалын астында қалған. Қазір көк түтіннің басым бөлігі Квебек өңірінен тарап жатыр. Мұнда 150-дей өрт ошағы тіркелген. Қоршаған орта министрлігі лаулаған оттан ел астанасы Оттава және Торонто сияқты ірі қалаларда ауа ластанды деп мәлемдеді. Адамдар көшеде бетперде тағып жүруге мәжбүр. Жалпы орман өртінің салдары өте қауіпті болуы мүмкін дейді мамандар. Дүниежүзінің денсаулық сақтау ұйымы ауаның ластануы адамдардың тыныс алу жолдарының аурулдарына тіпті өлімге алып келуі мүмкін деп дабыл қағуда. Канадада орман өртін сөндіруге мыңдаған адам жұмылдырылды. Тілсіз жаумен күресуге Австралия, Жаңа Зеландия, АҚШ және Африка елдерінің өрт сөндірушілері де көмекке тартылды. Орман өртінің өршуіне, аптап ыстық пен құрғақшылық себеп болып отыр.
АҚШ аспанын көк түтін басты
Канададағы жағдай көрші елге де кесірін тигізіп отыр. АҚШ-тың бірнеше штатын түтін тұмшалады. Қазір кейбір шаттарда аспан сейілсе де жағдай қиын. Вашингтон, Колумбия округі, Филадельфия мен Нью-Йоркте ауаның ластануы ең қауіпті деңгейге жеткен. Мұндай жағдай соңғы жылдары болмаған екен. Солтүстік Америкада 100 млн жуық адам ауаның ластануынан зардап шегуі мүмкін. Балтиморда тұрғындар сыртқа тек бетпердемен шығуға мәжбүр. Қазір жағдай ақырындап тұрақталғанымен қауіп әлі сейілген жоқ дейді билік өкілдері. Ауа райынынан қолайсыздығынан ондаған рейс кейінге шегеріліп, ашық аспан астындағы шаралар кейінге қалған. Ондаған мектеп экскурсиясы мен спорттық шаралар тоқтатылған. Ақ үй басшысы Джо Байден бұл климаттың өзгеруінің салдары екенін атап өтті.
Германияда аптап ыстық тұрғындарды әбігерге салды
Климаттың өзгеруі қазір көп елде байқалады. Еуропада биыл жаз қатты ыстық болатын тәрізді. Қарт құрлықтың бірнеше елін аптап ыстық қысып тұр. Берлинде жағажайлар мен саябақтар адамға лық толды. Халық көлеңке іздеп әлек. Ауа температурасы күрт көтеріліп, 35 градусқа жетіп қалды. Немістер биыл жауын-шашын аз болды деп дабыл қағуда. Метеорология қызметі елге қуаңшылық қаупі төні тұр дейді. Мамандар шілде, тамыз айларында ауа температурасы бұдан да көтерілуі мүмкін деп отыр. Аптап ыстықтан әсіресе ауыл шаурашылығы зардап шекті. Жергілікті билік бұл жағдай орман өртіне әкеп соғуы мүмкін деп алаңдап қалды. Дәрігерлер қазір ыстық салдарынан адамдардың аллергиясы қозып, шағымданған науқастар саны күрт өскенін жеткізді.