Колумбияда ну орманда жоғалған балалар аман табылды
Колумбияда 40 күн бұрын апатқа ұшыраған шағын ұшақтағы балалар тірі табылды.
Оларды әскерилер әуе кемесі құлаған ауданнан кездестірді. Төрт кішкентай бала бір жарым айдың ішінде қатты арып, азып кеткен. Бірақ дәрігерлер олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді. Қазір сарапшылар ең үлкенінің жасы 13, ал ең кішкентайы 11 айлық бүлдіршін ересектердің көмегінсіз қалай тірі қалғандарын анықтап жатыр. Шағын ұшақ мамырдың бас кезінде Амазониядағы ну орманда апатқа ұшыраған. Ұшқыш пен балалардың анасы апаттан көз жұмған.
Педро Санчез, Колумбияның арнайы жасақ күштерінің қолбасшысы:
- Кішкентай балалар Амазонияның ну орманында жалғыз қалса да еш қорықпаған. Оларда ешқандай құрал, киім болмаған. Тек тірі қалу үшін бар күштерін салып күрескен.