Трамп Иранның құпия құжаттарын жасырып қалды ма?
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа құпия құжаттарды үйінде сақтағаны үшін 37 айып тағылды.
Тергеу саясаткер аса құпия құжаттарды тәртіпке сай сақтамай, іске кедергі келтірген дейді. Оның ішінде Иранның ядролық бағдарламасымен байланысты қағаздар бар. Бірақ Трамп тағылған айыптарды мойындаудан бас тартты. Егер оның кінәсі дәлелденсе бұрынғы президент бас бостандығынан айырылады.