Пәкістанда су тасқынынан 25 адам қаза тапты
Пәкістанның солтүстік батысындағы Хайбер-Пахтунхва аймағында толассыз жауын соңы су тасқынына ұласып, 25 адам қаза болды.
100-ден аса тұрғын жарақат алды. Көп елді мекен су астында қалған. Апат аудандарында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп, тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшіріліп жатыр. Пәкістанда былтыр жаңбырлы маусым кезінде 2 мыңға жуық адам опат болды. Табиғат апатынан 33 миллион адам зардап шекті. Ел экономикасына 30 миллиард доллар шығын келді.