Канаданың Жаңа Шотландия аймағында өрт сөндірілді
Канаданың Жаңа Шотландия аймағындағы ірі өрт ошағы сөндірілді.
Осыған байланысты кей аудандардың тұрғындарына үйлеріне оралуға рұқсат берілді. Бірақ жергілікті билік орман өрті маусымы енді басталып жатқанын айтып, азаматтарды барынша абай болуға шақырды. Жаңа Шотландия провинциясында ормандардың өртенуі мамыр айында басталған. 16 мың тұрғын эвакуацияланды. Табиғат апатынан Галифакс қаласы көп зардап шекті. 150 үй жанып кетті.
Майк Сэвидж, Галифакс қаласының мэрі:
- Қазір орман өртінен эвакуацияланған адамдардың үйлеріне оралуы үшін шаралар қабылдап жатырмыз. Бірақ азаматтарды барынша сақ болуға шақырмаыз. Өйткені жаз айларында орман өрттері жиілейтіні белгілі. Сондықтан тұрғындардан қауіпсіздік ережелерін барынша сақтауды сұраймын.
Британдық Колумбияда жаңа өрт ошағы тіркелді
Канаданың Британдық Колумбия провинциясында орман өрті басылмай тұр. Өткен аптада Батыс Кискатино өзені ауданында тағы бірнеше жерде өрт шықты. Табиғат апатына байланысты Тамблер-Ридж мекенінен 2,5 мың тұрғын шұғыл эвакуацияланды. Тілсіз жаумен жүздеген өрт сөндіруші күресіп жатыр.