Германияда орман өртенді

Германия астанасы Берлиннің оңтүстігінде аптап ыстық салдарынан орман өртеніп, отты 12 күннен кейін әрең дегенде сөндірді.

Оның өзінде, сенбіден бастап құйған нөсер жаңбырдың тікелей көмегі болды дейді жедел әрекет ету орталығының ресми өкілі. Тілсіз жау Йютербог қаласының маңындағы бұрынғы әскери сынақ алаңындағы қару-жарақ қоймасына қауіп төндірген. Жалын 733 гектар аумақты жалмап үлгерген.