Кубаның Камагуэй қаласы су астында қалды
Оған демалыс күндері тоқтамай жауған нөсер себеп болып отыр.
Салдарынан Баямо өзені арнасынан шыққан. Жергілікті тұрғындар қаладан толық эвакуацияланды. Алайда заттарын жинауға асыққан 1 тұрғын оқиға орнында қаза тапты. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, он мыңға жуық үй бүлініп, 65 үй құлаған. Куба Метеорология институты нөсер мен дауыл алдағы бірнеше күн бойы басылмайтынын хабарлады.