АҚШ-та 160 мыңнан астам бала буллинг кесірінен сабаққа бармай қалған

Былтыр АҚШ-та 160 000-нан астам жасөспірім буллингтің кесірінен мектепке бармай қалған.

Әлімжеттіктің кесірінен әрбір оныншы оқушы мектептен шығып кеткен.

Бір өкініштісі қатарластарынан қысым көрген жасөсіпірімдер өзіне қол жұмсап та жатады. Нью-Джерси штатындағы мектеп суицид жасаған оқушыны қорғай алмағанын жария түрде мойындады. Жалпы АҚШ-та балалар арасындағы буллинг ашық талқыланады. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін түрлі жағдайдар қарастырылған.

17 жастағы Джек Рид былтыр Нью-Джерси штатындағы Лоуренсвилл мектеп-интернатында өзіне қол жұмсады. Оны бір жыл бойы қатарластары кемсітіп, интернетте түрлі қауесет таратқан. Оқушы тарапынан қанша шағым болса да, нақты шешімдер қабылданбаған. Осылайша Джек Рид буллинг құрбаны болды. Қайғылы оқиғаның бір жылдығында мектеп кінәсін мойындап, мәлімдеме таратты. 

«Джек бір жыл бойы жеке басына және интернетте жасалған буллингтің құрбаны болды. Мұны мектеп тарапы білген кезде бірден шара қабылданып, алдын алуы керек еді. Бірақ ондай шаралар жасалмады, мектеп жария түрде мәселені айтып, тергеу жүргізілгенін, Джек туралы қауесеттердің расталмағын айтуы керек болатын.» 

«Қайырлы таң, Америка» бағдарламасына келген Джектің ата-анасы қайғылы жағдайға интернеттің де түрткі болғанын айтады. Мектеп-интернаттағы буллинг, кешке қарай әлеуметтік желіде жалғасқан. Сондықтан олар кибербуллингке қарсы арнайы қор құрып күресуге бел буған. 

Элизабет Рид, Нью-Джерси штатының тұрғыны:

«Меніңше, ең бастысы балаңызбен байланысты үзбеңіз, үнемі сөйлесіңіз. Барлығына үлкен мән беріңіз. Мектеппен байланыста болыңыз.» 

Мектептегі буллинг Иллинойс штатындағы ата-аналарды да алаңдатып отыр. Олар әлімжеттік көрсету жиілеп кеткенін айтады. Жиналып жергілікті білім басқармасына шағым да түсірді. 

Марианна, ата-ана:

«Балам буллингке шыдамай өзін қорғау үшін төбелесе кеткен. Бірақ, өзін қорғағаны үшін неге айыпталуы керек?» 

Бір қызығы мектептің ішкі тәртібінде бұзақыға тойтарыс беруге болмайды. Талап бойынша буллинг туралы бірден сынып жетекшісін құлағдар ету керек. Бірақ намысқа тырысып «сөз тасудан» қорқатындар көп. Салдарынан булинг тоқтамайды. Осы жағдайдың алдын алу үшін Монтана шататы «Fight back немесе Қарымта шабул» деп аталатын заң қабылдады. Енді жоғары сынып оқушылары өзін қорлаған қатарласына тойтарыс бере алады. Әлімжеттік оқиғасының куәгерлері де әлсізін қорғау үшін күш қолдануына болады. 

Джедиах Хинкил, Монтана штатының палата өкілі:

«Монтана штатында өзін қорғау туралы заң бар. Егер сізге физикалық тұрғыда біреу шабуыл жасаса және өміріңізге қауіп төнсе өзіңізді қорғау үшін күш қолдануға құқыңыз бар. Тіпті оның соңы адам өліміне әкелсе де қорғана аласыз. Ал неге мектептің ішінде қорғана алмайсыз? Бізде екі түрлі стандарт болмауы керек.» 

Осы Монтана АҚШ-та Тик-Токқа тыйым салған алғашқы штат. Жалпы мектеп, колледждегі кемсіту, оқушылар арасынлағы суицид тақырыбы АҚШ-тың ақпарат құралдарынада да жиі көтеріледі. Бастысы мәселені ашып көрсетеді. Мектеп - кінәсі болса мойындайды. Мұнда зорлық-зомбылыққа қарсы тұру жөніндегі жан-жақты кеңес беретін «StopBullying» сайты мен түрлі жедел желі жұмыс істейді.

Марк, балалар психиатры:

«Мен балалармен кибербуллингқа байланысты көп жұмыс істедім. Сонда байқағаным, әлеуметтік желілерде өздері қаламаған суреттер тарап кеткен немесе  көптеген жалған әңгімелердің құрбаны болған. Бұл бала психологиясына өте жаман әсер етеді. Негізі ковид кезінде біраз адамның өмірі әлеуметтік желіде қалыптасты. Оның жақсы да жаман да жағы бар.  Жаманы сол кибербуллинг жиілеп кетті». 

 Мамандар, әлеуметтік желі кибербуллингті одан әрі ушықтырып жібергенін айтады. Америкалық психология қауымдастығы медициналық кеңеспен бірлесіп мұғалім, ата-ана, саясаткерлер мен психологтарға арналған ұсыныстарын жариялады. Олар ең алдымен балалар әлеуметтік желі әлеміне кірмес бұрын арнайы оқудан өтуі керек деп кеңес береді.