Сеулде балықшылар лас судың теңізге төгіліп жатқанына алаңдаулы
Сеулде 3 мыңға жуық балықшы Фукусима атом электр станциясының лас суы теңізге төгіліп жатқанын айтып, наразылық акциясын өткізді.
Үкімет бұл жұмыстар реакторлардың қабілетін тексеру үшін жасалған қадам деп түсіндірді. Кореяның балықшылар одағы ластанған сумен бірге балыққа радиоактивті заттар түседі деп есептейді. Жапонияның Киодо ақпарат агенттігінің хабарлауынша, өткен айда Фукусима атом электр стансасының маңында ауланған балықта қалыпты деңгейден 180 есе жоғары цезий мөлшері табылған. Жапонияда мұхитқа суды ағызуды маусым айының соңына дейін жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Ким Ён Чоль, Корея Балық аулаушылар одағының мүшесі:
- Жапония ластанған суды теңізге төгіп, жер бетінің барлық тұрғындарына қауіп төндіріп отыр. Өйткені теңізде шекара жоқ. Балықтар Жапониядан бізге келеді. Егер лас суды теңізге жіберсе, кімнің қандай балық жейтінін ешкім білмейді ғой. Кореяда Сары теңізден Шығыс және Шығыс Қытай жақтан жылына 1 миллион тонна балық аулаймыз.