Қытайдың солтүстік-батысында күн қайтадан ысыды
Ауа температурасы 40 градусқа дейін қызған.
Ал әлемдегі ең құрғақ өңірлердің бірі саналатын ТурфАн қаласында 67 градус тіркелді. Осы орайда билік кондиционерлермен жабдықталған және күн өтуге қарсы дәрілері бар қосымша демалыс орталықтарын құрды. Аптаптың салдарынан ел астанасы - Бейжіңде қатер-қауіптің сары деңгейі жарияланды. Синоптиктердің болжамынша, аптап ыстық 4 күнге жалғасады.