Грекияда кеме апатынан қаза болғандар саны 79-ға жетті

Грекия жағалауы маңында апатқа ұшыраған мигранттар мінген кемеде 79 адам қайтыс болды.

104 босқын құтқарылды. Апат ауданында іздестіру жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Себебі, кемеде нақты қанша адам болғаны белгісіз. Кей босқындардың айтуынша, 400-ден 700-ге жуықтауы мүмкін. Еске сала кетейік, кеше Грекия жағалауына жақын Ион теңізінде балықшылар кемесі апатқа ұшырады. Ол Ливияның Тобрук қаласынан шығып Италияға бет алған еді. Оқиға себебі анықталған жоқ.