Жапонияда бала туу көрсеткіші төмен деңгейде
Жапония Премьер-министрі Фумио Кисида елде бала туу көрсеткішін көтеру бойынша жаңа шаралар топтамасын ұсынды.
Алдағы үш жылда үкімет осы мақсатқа 25 миллиард доллар бөледі. Жастар мен бала баққан кісілерге тікелей субсидия мөлшерін арттыру көзделіп отыр. Сондай-ақ, білім алу мен босанғанға дейін күтімге қаржылай көмек беріледі. Дамыған елдердің көбінде бала туу көрсеткіші төмен деңгейде, ал Жапонияда тіпті нашар. Мемлекет қарттар үлесі бойынша Монакодан кейін екінші орында тұр. 125 миллион тұрғыны бар Жапонияда былтыр 800 мыңнан аз бала дүниеге келді. Бұл ел тарихындағы ең төмен көрсеткіш.
Фумио Кисида, Жапония Премьер-министрі:
- Баланы аз туу – бүкіл қоғамымызды алаңдатқан мәселе. Ел экономикасына да зияны тиіп тұр. Бұл кейінге қалдыруға болмайтын ең тығыз жұмыс. 2030 жылға дейін бала күтуге арналған бюджетімізді екі есе арттырамыз.