Швеция Түркиямен тағы келіссөз жүргізді
«Швеция лаңкестердің бас сауғалайтын еліне айналуға ниетті емес. Олармен заң жүзінде күресе береді».
Мұндай мәлімдемені Швецияның НАТО-ға кіру туралы өтінішін талқылау үшін Анкараға барған делегация басшысы Оскар Стенстрём жасады. Ресми Стокгольм келесі айда Литвада өтетін НАТО саммитіне дейін осы мәселеде Түркияның қолдауына ие болуды қалайды. Бұған дейін Анкара бұл елдің осы ұйымға кіру туралы өтінішін бірнеше рет кері қайтарған.
Оскар Стенстрём, Швеция делегациясының басшысы:
- Швеция Түркиямен Мадридте қол жеткізген келісімдегі өз міндеттерін орындады. Бүгін біз осы мәселені тақыладық. Сондай-ақ келесі айда Вильнюсте өтетін НАТО саммитіне дейін тағы кездесеміз деп шештік.