Филиппинде 6,2 балдық жер сілкінісі тіркелді

Филиппинде жер сілкінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

6,2 балдық зілзаланың эпицентрі ел астанасы Маниладан шамамен 100 шақырым жерде тіркелді. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Филиппин Тынық мұхиты жанартауының өрт сақинасына кіреді. Аймақта белсенді жанартау көп орналасқандықтан, елде жер сілкінісі жиі болады.