Үндістанда дауылға байланысты 75 мың тұрғын эвакуацияланды
Батыс Үндістан циклон «шабуылына» дайын, деп хабарлайды «Хабар 24».
75 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды. 51 мыңға жуық ірі қара қауіпсіз жерге тасымалданды. «Бипарджой» деп аталатын жойқын дауыл елдің Джахау портына соққы береді, - дейді метеорологтар. Базар және жағажайлары көпке танымал қала Үкімет бұйрығымен уақытша жабылды. Қазір желдің жылдамдығы сағатына 125 шақырымға жеткен. Циклон құрлыққа бүгін жетеді деген ақпар бар. Былтыр дауыл өңірдің күл-талқанын шығарды. Әсіресе Гуджарат штатының тұрғындары қатты зардап шеккен еді.