АҚШ-та дауылдан ғимараттар қирады

Торнадо Американың Алабама штатындағы 10 шақты ғимаратты қиратты.

Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлайды. Құйын ағаштарды түбірімен жұлып, ғимараттар мен автожолдарға зақым келтірді. АҚШ-тың ұлттық ауа райы қызметі Алабама штатының оңтүстік-шығысын мекен еткен тұрғындарды сақ болға шақырды. Ауа райының қолайсыздығы, сондай-ақ Джорджия, Луизиана, Миссисипиге де әсер етті. Синоптиктердің айтуынша, кейбір аймақтарда желдің екпіні сағатына 145 шақырымға жетуі мүмкін.