Перуде наразылық акциясы қайта басталды
Перуде үкіметке қарсы наразылық акциясы қайта жанданды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тұрғындар ел астанасы Лима көшелеріне шығып, президенттің отставкаға кетуін талап етті. Сондай-ақ наразы жұрт конституция қабылданғанын қалайды.
Бұған дейінгі жалпыұлттық ереуіл кезінде 60 адам қаза тапқан. Олардың көпшілігі демонстранттар еді. БҰҰ-ның мәлімдеуінше, өлім-жітімге күш қолданған полиция мен армия себеп болған.