Германияда көмір өндіретін кәсіпорын жасыл энергияға 1,5 млрд еуро бөлді
Германиядағы көлемі бойынша екінші ірі көмір өндіруші кәсіпорын баламалы энергияны дамытуға 1 жарым миллиард еуро бөледі.
Блумбергтің хабарлауынша, компания елдің шығысында күн мен жел қуатын өндіретін станциялар тұрғызбақ. Сондай-ақ сутегі шығаратын нысан мен, энергияны сақтайтын қойма салынады. 2030 жылға қарай неміс елінде электр қуатын баламалы көздерден алуды жоспарланған. Ал 2045 жылы Германия қоршаған ортаға зиянды қалдық бөлетін энергетика саласынан біржола арылуды көздеп отыр.
Райнер Шиллинг, бағдарлама жетекшісі:
- Бірнеше гигаватт энергия өндіретін станциялар саламыз. Осылайша біз көмірден баламалы қуат көздеріне жылдам көшуге болатынын дәлелдеп көрсетпекпіз. Мүмкін емес нәрсе жоқ.