Батыс Үндістан жойқын циклон «Шабуылына» ұшырады

Салдарынан 2 адам опат болды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, адамдар нөсер мен су тасқынына қарамастан, малын құтқару үшін далаға шығып кеткен. "Бипарджой" деп аталатын қуатты тропикалық циклон жағалау жұртын әбігерге салды. Ғимараттар құлап, түбірімен жұлынып кеткен ағаштар жолды жауып қалды. Синоптиктердің болжамынша, жел мен нөсер жексенбіге дейін жалғасады. Жойқын дауылдың жылдамдығы құрлықта сағатына 85 шақырымға дейін азаяды. Кеше Джахау портынан 75 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген еді.