Пәкістанда термометр бағаны 50 градусқа жетті

Пәкістанның оңтүстік-батысында аптап ыстық орнады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Термометр бағаны 50 градусқа жетті. Қатты ыстықтан қорғану үшін тұрғындар үйлерінен шықпай отыруға мәжбүр. Қала дүкендері мен базарлар жұмысын тоқтатты. Тұрғындарға арнайы лагерьлер ашылды. Адамдарға су, дымқыл майлықтар ұсынылып, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.