Қазақстан мен Ресей газ тасымалына келісті

Қазақстан мен Ресей Өзбекстанға Ресей табиғи газын тасымалдау туралы келісімге келді.

Петербордағы халықаралық экономикалық форум аясында "QazaqGaz" бен "Газпром" осындай шартқа қол қойды. Қазақстан делегациясын Энергетика министрі Алмас-адам Сәтқалиев бастап барды. Томск, Новгород облыстарының губернаторларымен және Ресейдің салалық жетекші компанияларымен кездесу өтті. Энергетика министрлерінің келіссөзі нәтижесінде Ресей мұнайы бойынша үкіметаралық келісім-шарт 2033-ші жылға дейін созылды.

Санжар Жаркешов, "QazaQgaz ҰҚ" АҚ басқарма төрағасы:

- «QazaqGaz» ұлттық компаниясы мен «ГАЗПРОМ» арасындағы келісім-шарт ең алдымен экономикалық тұрғыдан Қазақстанға, компаниямызға тиімді. Біз шикізатты тасымалдаудан пайда көреміз. Газпроммен қарым-қатынасымыз жақсы дамып жатыр. Қазақстанда газ саласын дамытудың жаңа қосымша мүмкіндіктерін талқыладық.