Угандада лаңкестер мектепке шабуыл жасады
Уганданың батысындағы орта мектепке содырлар шабуыл жасап, интернатқа от қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл лаңкестердің атышулы «ДАИШ» ұйымымен байланысы бар болып шықты. «Рейтердің» хабарлауынша, қылыш және қарумен шабуылдаған 5 террористің қолынан 41 адам ажал құшқан. Билік құрбандардың көбі оқушылар дейді. Әскер қарулы топтың ізіне түсіп қуғанымен, содырлар тағы 8 баланы кепілдікке алып, көршілес Конгоның джунгли орманына кіріп, ғайып болған. Әзірге олардың шабуылдау себебі белгісіз.
Дик Олум, жәдел әрекет ету жасағының қолбасшысы:
- Біз қаза тапқан құрбандардың отбасынның қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Уганда әскері азаматтарды қорғау үшін қолдан келгенін жасап жатыр. Осы қырғынды ұйымдастырған адамдар сазайын тартуы тиіс.