Аргентинада киттерді тамашалауға мыңдаған адам жиналды

Аргентинада мұхит жағасына мыңдаған адам жиналды.

Олар судың жылы бөлігіне өткеннен кейін тұқымын тарату үшін құрлыққа жақын келген киттерді көруге құмар. Бұл жануарлар суық судан жылы ағысқа ауысу үшін ондаған мың шақырымды еңсерген. Киттер зиянсыз, тіпті адамдар отырған қайықтармен қатарласып жүзеді. Теңіз жануарларының ұзындығы 18 метрге, ал салмағы 100 тоннаға жетеді. Ресми есеп бойынша бүгінде мұхиттардың Аргентина, Австралия мен Оңтүстік Африка бөліктерінде олардың 10 мыңнан астамы тіршілік етеді.