Австралия елдің байырғы халқының ерекше құқығын тану үшін референдум өткізеді
Австралия елдің байырғы халқының ерекше құқығын тану үшін референдум өткізу туралы заң жобасы бекітілді.
Австралия сенаты елдің байырғы халқының ерекше құқығын тану үшін референдум өткізу туралы заң жобасын бекітті. Құжатты 52 сенатор қолдап, 19-ы қарсы шықты.
Енді үкімет референдум күнін белгілеуі керек. Шара биыл күзге жоспарланып отыр. 23 миллион тұрғыны бар Австралияда байырғы жұрттың саны 700 мыңдай болады. Бұл жалпы халықтың 3 проценттейі ғана. Осымен бірге аборигендердің тұрмысы әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қоғамның өзге топтарына қарағанда төмен болып келеді.
Энтони Албаниз, Австралия премьер-министрі:
- Бүгін парламентіміз осы мәселеге қатысты референдум өткізуді қолдады. Бұл біздің ұлтымыздың бірлігін нығайтып, еліміздің дамуына көмектеседі. Осы құрлықтың байырғы халқын толғандыратын мәселелерді шешуге септігін тигізеді.