Италия жағалауында 240 мигрант құтқарылды
Италия жағалау күзеті Жерорта теңізінде тағы 240 мигрантты құтқарып, Лампедуза аралына жеткізді.
Босқындар Тунис пен Ливиядан шағын қайықтарға мініп жолға шыққан. Келімсектердің басым бөлігі Сирия мен Бангладеш азаматтары. БҰҰ мәліметіне сүйенсек, былтыр Ливияға әлемнің 40 елінен 680 мың мигрант бас сауғалап барған. Салдарынан биыл Еуропаға бет алған босқындар қарасы көбейген. Мысалы, Италияға жыл басынан 56 мың мигрант барған.