Израиль Иордан өзенінің батыс жағалауына жаңа қоныстар салады
Израиль Иордан өзенінің батыс жағалауына жаңа қоныстар салмақшы.
Жергілікті үкімет осындай жоспарын жариялады. Оған сай Батыс жағалауда 4,5 мыңнан аса үй тұрғызу көзделіп отыр. Ресми Вашингтон Израиль билігінің жоспары аймақтағы ахуалды шиеленістіріп, бейбітшілік орнатуға кедергі келтіреді деп алаңдаушылығын білдірді. Израиль Иордан өзенінің Батыс жағалауын 1967 жылғы соғыс кезінде жаулап алған. Осы себепті, әлемнің көп елі ол аймақтағы еврей қоныстарын заңсыз деп санайды.