Солтүстік Корея ядролық күштерін нығайта бермек
Елдің билеуші Жұмысшы партия отырысында осындай шешім қабылданды.
Бұл туралы жергілікті Орталық телеграфтық агенттік хабарлады. Ресми Пхеньян мемлекетке қатер төнсе ядролық қарумен жауап беріледі деп ескертуде. Себебі АҚШ пен Оңтүстік Кореяның аймақта әскери оқу-жаттығулар өткізуін жалғастыруы ахуалды шиеленістіріп отыр дейді.