Непалда су тасқынынан бір адам көз жұмды

Непалдың шығысында толассыз жауын соңы су тасқынына ұласып, 1 адам қаза болды.

Тағы 25 тұрғын жоғалып кетті. Олардың 16-сы Санкха-Васабха ауданында салынып жатқан электр станциядағы жұмысшылар. Өзен арнасынан асып, нысанды шайып кеткен. Непалда маусым айынан қыркүйекке дейін жаңбырлы маусым болады. Салдарынан су тасқыны жиілеп, жыл сайын жүздеген адам көз жұмады.