Германияда саябақтан өрт шықты

Германияның Руст қалашығындағы «Европа-парк» ойын-сауық паркінде өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лапылдаған оттан саябақ ішін көк түтін басты. Ойын-сауық орнынан барлық адамдар эвакуацияланды. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Жергілікті билік тілсіз жау ауыздықталды деп хабарлады. Жалпы бұл парк елдегі ең ірі саябақ болып есептеледі. Ол Франциямен шекаралас өңірде орналасқан. Еуропада бұл ойын-сауық орны келушілер саны жағынан Париж Диснейлендінен кейін екінші орында тұр екен.