Бразилияда атыстан мектеп оқушысы қаза болды

Бразилияның Камбе қаласындағы мектепте атыс болып, 1 бала қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы бір оқушы жарақат алып, емханаға ауыр халде жеткізілген. Адамдарға оқ атқан – осы оқу орынының бұрынғы түлегі. Жас жігіт ғимаратқа кірген соң іштегі оқушылар мен қызметкерлерге оқ жаудырған. Полиция қаскөйді қолға түсірді.

Куәгер:

- Мен мектеп ауласында болғам. Бір кезде ол мектепке кіріп, адамдарды тапаншадан ата бастады. Ғимарат ішіндегілер жан-жаққа жүгіріп қашқанын көрдім. Содан кейін не болғанын білмеймін.