АҚШ-та климаттың өзгеруімен күреске $600 млн бөлінеді

АҚШ-та климаттың өзгеруімен күресу үшін 600 миллион доллар бөлінеді.

Бұл туралы президент Джо Байден мәлімдеді. Қаржы мұхит пен теңіз жалғалуына жақын аймақтарды жаһандық жылынудың салдарынан туындайтын табиғат апаттарынан қорғауға жұмсалмақ. Мысалы, орман өрті жиі тіркелетін Калифорния штатында электр жүйелерін жаңарту үшін 67 миллион доллар бөлу қарастырылған.

Жалпы президент Байден әлемде климаттың өзгеруімен күресу үшін 430 миллиард доллар бөлінетін заң жобасын бекіткен.

Джо Байден, АҚШ президенті:

- Біз биыл ел тарихымызда алғаш рет Ақ үй саммитін өткізуді жоспарлап отырмыз. Шараға штат губернаторлары, климаттың өзгеруімен күрес бойынша әр аймақтың көшбасшыларын шақырмақпыз. Саммит қорытындысы бойынша елімізде оның салдарымен күрес шараларының жол картасын дайындайтын боламыз.