Бразилияда мал үсіп қалды
Бразилияның орталық және батыс аймағында күн суытып, 1 жарым мыңнан астам мал қырылды.
Бұл туралы осы елдің Жануарлар мен өсімдіктер агенттігіне сілтеме жасаған "Рейтер" агенттігі хабарлады.
Ауа температурасы минус 10 градусқа дейін төмендеген. Негізі Бразилиядағы жыл мезгілдері өзгеше қалыптасқан. Мұнда желтоқсаннан наурызға дейін жаз, ал маусымнан желтоқсанға дейін қыс мезгілі болады. Қыстың өзі әдетте жылы болатын. Бірақ биылғы маусым айында соңғы 60 жылда болмаған үскірік орнады дейді мамандар. Көбіне сиыр, өгіз және бұзаулар үсіп өлген. Бақташылар жергілікті биліктің түк істемей отырғанын айтып, шағымданды. Аймақтағы малшыларға 1 миллиард доллар шығын келген.
Даниел Ингоулд, жануарлар мен өсімдіктер агенттігінің басшысы:
- Күн күтпеген жерден қатты суытып кетті. Суық жел де күшейді. Жауын-шашын да төпелеп құйды. Табиғи апат малшыларды шығынға батырып, тығырыққа тіреді.