Суданға 1,5 млрд доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсетіледі
Әлем қауымдастығы осылайша БҰҰ-ның сұрауы бойынша Африка мемлекетіне жәрдемдеспек.
Соның ішінде Германия 200 млн, АҚШ 171 млн, ал Қатар 50 млн доллар бөледі. Халықаралық ұйымның дерегі бойынша, Суданға биыл 3 млдр долларға жуық көмек қажет болған. Елде сәуір айынан бері жағдай тұрақсыз. Хартумде басталған қарулы топтардың қақтығыстарынан 3 мыңға жуық адам мерт болды. 2 млн-нан астам азамат Суданнан кетті. Шиеленіс әлі күнге дейін тыйылған жоқ.