Париж Олимпиадасы комитетінде тінту жүргізілді
Париж Олимпиадасының Ұйымдастыру комитетінде тінту жүргізілді.
Бұл туралы Францияның Ұлттық қаржы прокуратурасы мәлімдеді. Тінтуге мемлекет қаржысын жымқырды, жемқорлыққа жол берілді деген күдік себеп болған. Бұл осыған дейін жасырын жүргізілген 2 тергеу ісімен байланысты. Олардың біреуі 2017 жылы басталған болатын. Екіншісі былтыр ашылған. Естеріңізге сала кетейік, Париждегі Жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді.