Гималайдағы мұздықтар еріп жатыр
"Мұның салдары өте ауыр болады",- дейді Ғалымдар.
Өйткені таулы аймақта 240 миллион адам тұрады. Еру осылай жалғаса берсе 2100 ші жылға қарай әлемдегі ең биік таудағы мұздықтардың 75 пайызы жойылып, соңы алапат тасқынға ұласып, ауызсу тапшы болуы мүмкін. Бұған бірінші кезекте ғаламдық жылыну себеп. Негізі мұздықтардың белсенді түрде еруі 2010 жылы басталды.
Мириам Джексон, мұз қабаты бойынша маман:
- Мұздықтардың еруіне ауаға зиянды газ қалдықтарының бөлінуі тікелей себеп болып отыр. Негізі біз ғаламдық жылыну көрсеткішін 1 жарым градус деңгейінде ұстауымыз керек. Былай қарасаңыз, 2100 жылға дейін ұзақ уақыт бар сияқты, бірақ қазірден қамданбасақ, миллиондаған адам үлкен зардапқа ұрынғалы тұр. Жыл сайын мұз бен қардың қалыңдығы жұқарып жатыр.