Ресми Брюссель Еуроодақтан €66 млрд сұрады

Еурокомиссия Еуроодақтың 2027 жылға дейінгі, экономикалық дамуының, жаңартылған жоспарын ұсынды.

Брюссель алдағы төрт жылға 66 миллиард еуро сұрап отыр. Қаржы миграциямен күрес, Еуро-одақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жұмсалмақ.

Жанат Эрнст, тілші:

- Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен  Еуроодақтың қаржы-экономикалық дамуының жаңа жоспары туралы мәлімдеді. Журналистерге арналған брифингте ол Еуроодақтың 27 мемлекеттеріннен алдағы төрт жылға қосымша 66 миллиард еуро сұрап отырғанын жеткізді. Урсула фон дер Ляйенның айтуынша бұл қаражат миграциямен күресуге және Еуродақтың бәсекелестін арттыруға жұмсалады. Сондай-ақ қақтығыс салдарынан экономикасы құлдырған елге көмектесу жоспары бар.

Урсула Фон Дер Ляйен, Еурокомиссия президенті:

- Біз Еуроодаққа мүше 27 мемлекеттерінен мен осы жерде жаңа ғана айтып кеткен мәселелерді жүзеге асыру үшін бізге 66 миллиард еуро бөлуді сұраймыз. Менің ұсынысымды әріптестерім қолдайды деген ойдамын.

Иоханнес Хан, бюджет саласының Еурокомиссары:

- Бұл бүкіл Еуроодаққа пайда әкелетін жоба. Пандемиядан кейін Еуроодақтың экономикасың қалпына келтіру Қорының несиелеріне қызмет көрсету құнының 800 миллиард еуроға артуы -  біз үшін күрделі мәселелердің бірі болды. Несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеме соңғы екі жылда айтарлықтай өсті, бұл бүкілеуропалық несиенің құнын көтерді.

Еуроодақтың жеті жылдық бюджеті бір триллион еуродан сәл асады. Сұралған қосымша резерв - 17 миллиард еуро грант және 33 миллиард еуро - несие, бірақ нақты сандарды жыл сайын Еуропарламент пен Еуроодақ  Кеңесінде нақтыланады.

Урсула Фон Дер Ляйен, Еурокомиссия президенті:

- Біз сыртқы шекаралармызды басқаруды жақсарту үшін Еуроодақ елдеріне қаржылық қолдау көрсетуді ұсынамыз. Біз осы елдердің экономикалық дамуы мен тұрақталуына көмектесу үшін көршілерімізбен белсендірек жұмыс істеуіміз керек. Біз халықаралық серіктестікті нығайтуымыз керек, сондықтан Сириядағы, Ливандағы, Иорданиядағы және Түркиядағы сириялық босқындарға, сондай-ақ оңтүстік көші-қон жолына, Батыс Балқанға және дүние жүзіндегі серіктестерге жауап беру қабілетімізді сақтау үшін қосымша бюджет қажет. гуманитарлық дағдарыстар мен табиғи апаттарды да назардан тыс қалдырмаймыз.

Миграциялық саясатқа бөлінетін ақша үшінші елдермен қарым-қатынасты нығайтуға, Таяу Шығыстағы босқындарға көмек көрсетуге және гуманитарлық дағдарыстарға жауап беруге жұмсалады.

Жанат Эрнст, тілші:

- Еурокомиссия жаңа қаржылық жоспарды Еуропарламент пен және Еуроодақтың 27 мемлекеттерімен қарашаның ортасына дейін келісіп, бекітіп алатынына үміттенеді.

Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов