Гран Канария аралы маңындағы теңізде 63 мигрант құтқарылды

Испания жағалау күзеті, Гран Канария аралы маңында 63 мигрантты құтқарды.

Босқындар Пиреней түбегіне шағын қайықпен жетпек болған. Оларды алдымен, теңіз құтқару қызметінің ұшағы байқап қалған. Келімсектер Арги-негин портына жеткізілді. Испанияның Канар аралдарына биыл жыл басынан 6 мыңдай мигрант келген. Жағалау күзеті бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 31 пайызға аз дейді.