Ұлыбритания мен Ирландия жағалауында теңіз бетінің температурасы рекордтық көрсеткішке жетті
Ұлыбритания мен Ирландия жағалауында теңіз бетінің температурасы рекордтық көрсеткішке жетті.
Өткен жылдың жазымен салыстырғанда 4-5 градусқа жоғары. Негізінен бұл климаттың өзгеруіне байланысты. Ғалымдардың айтуынша, мұхиттың жылынуы табиғатқа зор нұқсан келтіруі мүмкін. Су жылыған сайын, ондағы оттегі азаяды. Тиісінше теңіздегі балықтар мен жануарларға жетпейді. Жалпы соңғы жылдары Кәрі құрлықта ауа температурасы 2.3 градусқа көтерілген. Бұл әлемдегі орташа көрсеткіштен екі есе артық. «Бүкіл Еуропа аймағында мұздықтар еріп, қуаңшылық пен орман өрттері жиілеп кетті. Мұндай жағдай одан әрі жалғаса береді»,-дейді ғалымдар.
Томас Риппет, мұхиттанушы:
- Су температурасы әдеттегіден жоғары. Мұхит атмосферға ұқсас емес. Жылынуы мен сууына көп уақыт қажет. Осылай Ұлыбритания жағалауында теңіз температурасы бір жылдың ішінде 10-12 градусқа өзгеруі мүмкін. Сондықтан бірнеше градусқа жылуы ауа-райна қатты әсер етеді.